Чемпиондар лигасы 1/8 финалының екінші матчында «Манчестер Сити» Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 ақпанда өткен командалардың алғашқы кездесуі де 2:0 есебімен «Манчестер Ситидің» жеңісімен аяқталды. Осылайша, ағылшын командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, ал «Боруссия М» турнирмен қоштасты.

«Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия М» (Германия) - 2:0 (2:0)

Гол соққандар: 1:0 - де Брюйне (12), 2:0 - Гюндоган (18)