Петерборлық «Динамо» клубының ресейлік қорғаушысы Тимур Файзутдинов Харламов кубогының 1/8 финалы кезінде жазатайым оқиғадан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Локомотивпен» өткен ойында 19 жастағы спортшының басына шайбы қатты тиіп, Ярославль ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Матч 12 наурызда өтті.

Файзутдинов Санкт-Петербург клубының жастар командасының капитаны болған. Клуб сапында 200-ге жуық матч өткізген.