Футзалдан Қазақстан чемпионатының 33-туры аясында «Бәйтерек» пен «Ақтөбе» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 6:2 есебімен ақтөбелік команда жеңіске жетті.

«Ақтөбе» (Ақтқбе) – «Бәйтерек» (Орал) 6:2

Гол соққандар: Кулбаев (3), Эленилсон, Дәулетов, Кнауб – Забродин, Мақсұтов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Олардың еншісінде 79 ұпай бар. Одан кейін «Ақтөбе» мен «Атырау» жайғасқан.