Қазақстандық қорғаушы Марат Быстров грозныйлық «Ахмат» сапында Ресей Премьер-лигасының 22-туры аясында петерборлық «Зенитке» қарсы ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч «Зениттің» пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. Быстров алаңға негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді.

Быстров осы маусымда 17 матчқа қатысқан.