Қазақстандық акробат Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінде қола жүлдесін иемденді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда өтіп жатқан шаңғы-акробатикасынан әлем кубогының соңғы кезеңде Жанбота Алдабергенова финалда 84.99 нәтижесін көрсетіп, Қазақстан қоржынына жүлде салды.

Алтынды канадалық Марион Зенаул иемденсе, ресейлік Любовь Никита күміс жүлдені жеңіп алды.