Бүгін, 13 наурыз күні Ақтауда дзюдодан Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогі басталады, деп хaбaрлaйды Olympic.kz.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Австралиядан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі:

1 орын – 100 ұпай

2 орын – 70 ұпай

3 орын – 50 ұпай

Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

13 наурыз

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 – жарыстың басталуы

16:30 –жарыстың ресми ашылу салтанаты

17:00 –финалдық кезең

14 наурыз

Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 – жарыстың басталуы

17:00 – финалдық кезең

Жарыс "QazSport" телеарнасы мен федерацияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан (фейсбук, инстаграм) тікелей эфирде көрсетіледі.