Қазақстандық боксшы Ержан Залиловтің (11-3-2) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Отандасымыз 17 сәуірде Екатеринбургте жекпе-жек өткізеді. Қарсыласының аты әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Залилов соңғы жекпе-жегін осы жылдың қаңтарында өткізді. Ол кезде ресейлік Владимир Никитинмен (4-1-1) тең түскен болатын.