Болтонда (Англия) өткен MTK Global бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Виктор Коточигов (12-1, 5КО) пен ирландиялық Гэри Калли (11-0, 5КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Коточигов пен Калли кездесуі 10 раундқа жоспарланған. Боксшылар жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы титулын сарапқа салады.

Коточигов жекпе-жек алдында біздің басылымға берген сұхбатында Калли өте мықты боксшы екенін айтқан. Оның үстіне, ирландиялық әлі жеңіліп көрмеген.

Калли - Коточигов жекпе-жегі белсенді басталды. Гэри қолдарының ұзындығын пайдаланып, қазақстандық боксшыға үнемі қысым көрсетіп отырды.

Бірінші раундта ирландиялықтың басымдылығы байқалды. Бұл басымдылық екінші раундта тіптен күшейіп, Гэри Коточиговты нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабында қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады.