Қазақстандық файтер Берік Шыналиев (2-3) келесі жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 наурызда 35 жастағы файтер OCTAGON 17 турниріне қатысады, онда Олдияр Анарбаевпен кездеседі (0-0). Жекпе-жек орта салмақта (58 кг) өтеді.

Кештің басты шайқасында Карим Рузбакиев (5-0) Айболат Мұратұлымен (2-2) жұдырықтасады.