Қазақстандық жеңіл атлеттер оқу жаттығу жиындарына кірісті. Команда мүшелері екі топқа бөлінген деп жазады Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Команданың бір бөлігі Қырғызстанға аттанды. Спортшылар көршілес елде 10-28 наурыз аралығында жаттығады.

Ал құраманың екінші бөлігі Өзбекстанның Янниабаде аймағында жаңа маусымға дайындалады.

Аталған елде атлеттеріміз 29 наурызға дейін болмақ.