Марин Томасов «Астана» сапында 54 гол соғып, клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген атанды, деп жазады Prosports.kz.

Хорватиялық ойыншы 54-голын Қазақстан Суперкубогының финалында соқты.

Осылайша, Томасов Таңат Нөсербаевты қуып жетті, клуб тарихындағы мергендер тізімінде екінші орынға жайғасты. Көш басында Патрик Твумаси тұр. Оның еншісінде 69 гол бар.

ТОП-5 тізім:

1. Патрик Твумаси — 69 гол

2. Марин Томасов — 54

3. Таңат Нөсербаев — 54

4. Джуниор Кабананга — 42

5. Фокси Кетевоама — 34.