10 наурызда Магнитогорск қаласында Гагарин кубогының плей-офф кезеңі аясында «Металлург» пен «Барыс» арасындағы серияның бесінші матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрт кездесуден кейін есеп тең - 2:2. Алдағы ойынның жеңімпазы келесі кезеңге шығуға бір қадам жақындайды.

Магнитогорскіде «Барыс» жеңіске жетсе Нұр-Сұлтанда өтетін келесі матчта ширек финалға жолдама алу мүмкіндігіне ие болады.

«Металлург» пен «Барыс» арасындағы серияның бесінші матчы «Нұр-Сұлтан» уақытымен сағат 19:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.