«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Барселонамен» екінші ойынға қатыса алмайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы париждік клуб ресми хабарлады.

Неймар өткен аптада командамен бірге жаттығуға қатысқан. Бірақ жарақаты әлі толық жазылмағанлықтан, бразилиялық ойыншы өзінің бұрынғы командасына қарсы матчқа қатыспайды.

Неймар 11 ақпанда Франция Кубогының 1/32 аясында өткен «Канға» қарсы ойында (1:0) жарақат алған болатын.

Айта кетейік, ПСЖ - «Барселона» матчы 10 наурыздан 11 наурызға қараған түні 02:00-де басталады.