Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садуақас Байғабулов Премьер лиганың бірінші турдағы «Қайрат» - «Жетісу» матчына жанкүйерлердің кіре алмайтынын айтты.

- «Қайрат» футбол клубы билеттерді сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тарады. Өздеріңіз білетіндей, Алматы «сары» аймақта. Көрермендердің «қызыл» және «сары» аймақтарға алаңға кіруіне тыйым салынады. Тек «жасыл» аймақта ғана 20 пайыз жанкүйер алаңға кіруіне болады. Біздің «сары» аймақта екенімізді ескерсек, көрермендердің қатысуына жол берілмейді, - деді Байғабұлов.

Бұған дейін алматылық «Қайрат» Премьер лиганың бірінші туры аясындағы «Жетісумен» матчқа билеттерді онлайн сатуды бастан болатын.

Айта кетейік, матч 13 наурызда 15:00-де Орталық стадионда өтеді.