Бокс шолушысы Гари Грэм орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белбеуінің иегері жапон Риота Мурата арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мурата – көбі ойлайтындай жай қарсылас емес. Бұл тамаша жекпе-жек болар еді. Головкин шыңында тұрғанда фаворит болары анық, бірақ қазір бәсекеге толы кездесу болады. Оның үстіне Токиода Муратаны қолдайтындар кқп. Бұл кездесуді көргім келеді», – деп жазды Грэм Твиттерде.