Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2021 жылдың қаңтары мен ақпанындағы УЕФА-ның жаңартылған рейтингісінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2112 ұпайы бар Қазақстан құрамасының Еуропа елдері арасында үздік үштікке енді. Біздің құрама былтырғы жылды төртінші орынмен аяқтаған болатын.

УЕФА ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингісінде Испания көш бастап тұр. Екінші орында Ресей құрамасы. Ал Португалия төртінші сатыға сырғыды.

Футзалдан УЕФА құрамаларының рейтингісі (7 наурыз):

1 (1) Испания — 2247,620 ұпай.

2 (3) Ресей – 2130,453.

3 (4) Қазақстан – 2112,206.

4 (2) Португалия – 2080,694.

5 (6) Әзербайжан – 2030,624.

6 (7) Хорватия – 2003,347.

7 (8) Италия – 1990,683.

8 (10) Чехия – 1924, 724.

9 (5) Сербия – 1876,073.

10 (9) Украина – 1861,752.

Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан Беларусь құрамасын ірі есеппен жеңді