Ертең, 8 наурыз күні фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталады. Спотшылар ресми жаттығуға қатысып, жарыс жолына баға берді. Жарыстың басты лидерлерінің бірі Юлия Галышева Olympic.kz сайтына жарысқа дайындығы туралы баяндап берді.

"Биыл жолдар жаңа жерге жасалынған, десе де былтырғыдан айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Жол бойында қанат жолдары бар. Бұл біздің жаттығуымызға оң әсерін тигізді. Осыған дейін сессия кезінде 5-6 жаттығу орындасақ, қазір 10-11 рет жасап жатырмыз.

Әлем чемпионатына арнайы әзірленген төбешіктерді дайын деп әбден айтуға болады.

Көңіл-күй өте жақсы. Ертең нағыз тартыс болмақ. Алайда, ауа райынан кедергі болуы мүмкін. Себебі, тұман немесе қар жауады деп күтілуде", - дейді Юлия Галышева.