Лошко қаласында (Словения) Словения мен Испания құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын алдында испан футзалшылары айқын фаворит саналды. Алайда, алаң иелері азуы қарсыласпен тең деңгейде матч өткізді. Тіпті, бірінші таймда есеп ашты. Бірақ, екінші таймда Чино екі доп соғып, Испанияға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1.

Испания құрамасы үш ойыннан кейін 9 ұпай жинап, 6-шы іріктеу тобында көш бастап тұр. Словения құрамасында төрт ойыннан кейін 6 ұпай бар. Келесі кезекте екі ойында ұпай жинай алмаған Латвия (үш кездесуде 3 ұпай) мен Швейцария құрамалары келеді.