Қазақстан Суперкубогы үшін өткен жарыстың финалында «Тобыл» мен «Астана» командалары кездесті.

Матч есебімен 14-ші минутта Сергей Малый ашты. Бойшаң қорғаушы бұрыштамадан әуелете көтерілген допты қарсылас қақпасына дәл көздеді.

Осыдан соң қос команда көп шабуылдағанымен таблодағы есеп өзгермеді. Тек матчтың соңғы минуттарында Марин Томасов айыпдобын дәл орындап, командасын жеңілістен сақтап қалды.

Суперкубоктың жеңімпазы тек пенальти сериясында анықталды. «Астана» шабуылшысы Роман Муртазаевтың соққысын қайтарған Александр Мокин командасына жеңіс сыйлады.

«Тобыл» — «Астана» 1:1 (1:0), пенальти 5:4

Голдар: Малый 14 (1:0), Томасов 90+1 (1:1)

Пенальти сериясы: Бейсебеков — 0:1, Мужиков — 1:1, Чуперка — 1:2, Аманович — 2:2, Муртазаев (қақпашы қайтарды) — 2:2, Таңыберген — 2:3, Барсегян — 3:3, Йованчич — 4:3, Томасов — 4:4, Нұрғалиев— 5:4.