Қазақстандық OCTAGON промоушенінің кезекті турнирінің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

17 наурызда Алматыда өтетін кештің басты жекпе-жегінде қос қазақстандық файтер Карим Рузбакиев пен Айболат Мұратұлы жұдырықтасады. Бәске жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу тігіледі.

Екінші басты жекпе-жекте Ұлан Тамғабаев Өзбекстаннан келетін спортшыға қарсы қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, OCTAGON 16 турнирі 24 ақпанда Алматыда өткен еді.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.