Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкенттегі Grand Slam турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

60 келіге дейін салмақта сынға түскен дзюдошымыз жапон өкілі Рюдзю Нагаямамен кездесті. Жалғыз «ваза-ари» әдісін сәтті қолданған жапон дзюдошысы алтыннан алқа тағынды.

Елдос Сметов күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола медальді Франция спортшысы Лука Мхеидзе мен өзбек балуаны Кемран Нуриллаев алды.