ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жанкүйерлердің «Барыс Аренаға» барып ойын тамашалай алатынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Ресми мәлімдемені ол инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Хоккей жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі матчтарды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес 30%-дан аспайтын көрермендердің қатысуымен өткізуге рұқсат етіледі. Ертең, 6 наурызда сағат 17:00-де «Барыс» өз алаңында «Металлургпен» кездеседі», - деп жазды Сәпиев.