«Астана» командасы Париж-Ницца көпкүндік веложарысына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Париж - Ницца, 07 - 14.03.2021. 8 кезең.
Команда мүшелері: Самуэле Батистелла (Италия), Омар Фрейле (Испания), Йон Исагирре (Испания), Алексей Луценко (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Маттео Собреро (Италия), Александр Власов (Ресей).
Спорт директор: Дмитрий Фофонов, Стив Бауэр.
Париж-Ницца - Дүниежүзілік тур күнтізбесінде ең беделді веложарыстардың бірі. Биыл жолдың ұзындығы 1 238,9 шақырымды құрайды, оған 23 команда қатысады.
Комментарии