Бүгін, 4 наурыз Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем кубогі кезеңінде әйелдер арасында эстафета бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогының 8-кезеңі аясында әйелдер арасындағы эстафета сайысына Қазақстан құрамасы қатысады.

Отандық спортшылар Галина Вишневская-Шепоренко, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко мен Людмила Ахатова 18-ші нөмермен жарысты бастайды.

Айта кетерлігі, әлемдік бәсеке елорда уақытымен 21:05-те басталады.