Будапештте футзалдан Еуро-2022 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасының 5-топтағы қарсыласы - Венгрия мен Израиль кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Израиль құрамасының жеңісімен аяқталды - 7:3.

Осылайша, израильдік футзалшылар осы іріктеудегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Топта Қазақстан көш бастап келеді, екі ойыннан кейін еншісінде алты ұпай бар. Беларусь, Израиль мен Венгрияда үш ұпайдан бар.

Венгрия – Израиль 3:7 (1:2)Голдар: Надь (19), Рутой (34), Вош (37) – Лави (2), Гольдштейн (14), Халеви (31, 37), Дедунов (32, 33), Т. Школьник (38)