БАҚ-та қазақстандық Геннадий Головкин Геннадий Головкин (42-1-1, 36 КО) Джермалл Чарломен (31-0, 22 КО) екі жекпе-жек өткізуден бас тартқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақпарат көздеріне сүйенсек, Эл Хэймонның Premier Boxing Champions компаниясы Головкинге WBC чемпионы Джермалл Чарломен екі жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасаған, бірін DAZN, екіншісін FOX немесе Showtime стримингінде өткізуді қалаған, - деп хабарлайды vRINGe.com сайты Deuce-ке сілтеме жасап. - Ұсыныстың мәні мынада: екі телеплатформа да бір-бір жекпе-жектен алады. Головкиннің командасы бас тартып, DAZN-мен және ықтимал қарсыластар - Риота Мурата мен Хайме Мунгиямен келіссөзін жалғастырды».

Еске салсаө, GGG-дің DAZN-мен келісімшарты бойынша төрт жекпе-жегі қалды. «Камил Шереметаға қарсы кейінгі жекпе-жек есептелмеді (себебі DAZN-ды қанағаттандырмады). Келесі қарсыласы да солай болуы мүмкін», – деді дереккөз.