Қазақстан жастар құрамасы (U21) Түркияда өтетін Antalya Cup-2021 турниріне қатысады, деп жазады Prosports.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас футболшыларымыз турнир аясындағы алғашқы ойынын Солтүстік Македониямен өткізеді.

Сонымен қатар, жарысқа Болгария, Словакия, Украина және Өзбекстан құрамалары қатысады.

Қазақстан жастар құрамасының халықаралық турнирдегі ойын кестесі:

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан.