«Барыс» капитаны Даррен Диц ҚХЛ-да 150 ұпай жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Металлургке» қарсы матчта Диц нәтижелі па берді. Осылайша ол ҚХЛ-да 150 ұпай жинады.

Айта кетейік, Даррен Диц ҚХЛ-да 2017 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Қорғаушы «Барыс» сапында 230 матчқа қатысып, 150 ұпай жинады (57 гол және 93 пас).