Түркістанның «Тұран» футбол клубы клубтың жаңа эмблемасын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Логотиптің жоғарғы жағында «Turan» клубының атауы орналасқан. Оның астында Түркістан деген жазуы және қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі бар. Ортасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесі орналасқан. Жаңа эмблема сары және көк түстермен ұсынылды.