Шаңғымен жарысудан Германияның Обертсдорф қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін әдіспен 10 шақырымға жарысудан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Бұл сында норвегиялық Тереза Йохауг топ жарды. Күміс медальді швециялық Фрида Карллсон, қола жүлдені оның отандасы Эбба Андерсон иеленді.

Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Анна Шевченко тіркеді. Ол 36-шы нәтиже көрсетті. Валерия Тюленова 45-ші, Ольга Мандрика 50-ші, Ангелина Шурыга 58-ші орында.