Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы елордада Беларусь ойыншыларымен кездесу өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның бірінші таймы 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кака шәкірттері қонақтарды айқын басымдылықпен жеңіп жатыр.

Алғашқы таймдағы үш голды Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов және Лео соқты.

Қазақстан: Игита (Қ, К), Акбаликов, Есенаманов, Тұрсағұлов, Оразов, Байдулла (Қ), Тайнан, Қарақұлов, Нұрғожин, Лео, Валиуллин, Кнауб, Досов, Сарбасов.

Беларусь: Змысля (Қ), Матвеенко, Селюк, Крыкун, Чернейко, Чурилин (Қ), Евдокимов, Козел, Роговик, Гусаков, Горбенко (К), Батурин, Рабыко, Книга.