Бүгін, 1 наурызда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында өз алаңында Эстонияның «Калев» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Қаңтарда «Астана» ТОП-16-да ойнайтын «Локомотив-Кубань» командасын жеңіп, сенсация жасады. Бірақ қазақстандық команда келесі матчтарда «Автодор», «Енисей» (екі рет) және «Химкиге» есе жіберді.

Елордалық команда төрт рет жеңіске жетіп, 11 мәрте жеңіліп, турнирлік кестеде оныншы орында тұр.

«Астананың» бүгінгі қарасыласы да ВТБ Біріккен Лигасында бір сенсация жасады. «Калев» ЦСКА-ны жеңді (107:102). Содан кейін, бес күн ішінде эстониялық клуб «Пармадан» екі мәрте жеңілді (Таллинде 72:85, Пермьде 72:80).

15 турдан кейін «Калев» 3 рет жеңіске жетіп, 12 мәрте жеңілді.

«Астана» – «Калев» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды төмендегі сілтемелер арқылы тікелей эфирде көруге болады:

ССЫЛКА 1

ССЫЛКА 2