Қазақстан мен Израиль құрамалары арасындағы ЕУРО-2022 футзал бойынша іріктеу кезеңінің екі матчы да Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, қонақтағы матч 2021 жылы 28 қаңтарда Ришон-Ле-Сион қаласында өтуі керек еді. Алайда Израильмен рейстердің жабылуына байланысты матч кейінге қалдырылды.

Осылайша, Израиль - Қазақстан матчы 2021 жылы 9 сәуірде өтеді.

Қарымта ойын екі күннен кейін, 11 сәуірде өтеді.