«Манчестер Сити» Премьер-Лиганың 26-туры матчында «Вест Хэмді» 2:1 есебімен жеңді.

Бұл бапкер Хосеп Гвардиоланың Англияда өтіп жатқан турнирлердегі 200-ші жеңісі болды.

Осылайша, Гвардиола рекорд орнатты. Оған 200 жеңіс межесіне жету үшін 273 матч қажет болды.

Бұған дейінгі рекорд қазіргі «Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньюға тиесілі еді. Ол 200-ші жеңісіне 309-шы матчында қол жеткізген.