Қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев «Қызыл-Жар» қақпасын күзетеді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы қыста Петропавл қаласының клубы бірнеше жақсы трансфер жасады. Атап айтқанда, черногориялық Дарко Зорич пен бразилиялық Данило Альмейда қатарына қосты, ал команданың жаттықтырушылар құрамына ЕУРО-2008 қола жүлдегері Денис Колодин келді.

Соңғы 2 жылын Бекбаев өзі команданың капитаны болған «Жетісуда» өткізді.