Ертең елордада ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир басталады.

«2021 жылғы 28 ақпаннан 7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры – 156 240 АҚШ доллары», - деп жазды Қазақстан теннис федерациясы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жарыс өткізу кезінде турнир қатаң протокол аясында көрерменсіз өтеді.