Жартылай қорғаушы Наурызбек Жагоров «Ақжайықпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын Жагоров «Атырау» және «Екібастұз» сияқты клубтарда ойнаған. 2019 жылы «Ақжайық» құрамында Жагоров Бірінші лига чемпионатында қола медаль жеңіп алды.