Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Усман октагонға 2 сәуірде оралады.

Bellator ұйымының турнирінде Усман Нурмагомедов америкалық Майк Хэмелге қарсы жекпе-жек өткізеді. Хабибтің інісі мансабында әлі жеңіліп көрмеген.

Айта кетейік, бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтің тағы бір інісі Умар қазақстандық файтер Сергей Морозовпен қолғап түйістіріп, екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.