Бірінші ауыр салмақта Әли Балоев (10-0, 7 КО) пен ресейлік Денис Царюк (12-4, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 27 ақпанда Алматыдағы бокс кеші аясында өтуі керек болған.

Турнирдің ұйымдастырушысы MTK Kazakhstan компаниясының хабарына қарағанда, ресейлік боксшыдан коронавирус табылған, сондықтан кездесу өтпейді.