Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) АҚШ-та Мэнни Роблестің жетекшілігімен жаттығуды бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы 29 жастағы Қазақстан боксшының жаңа жаттықтырушысы мәлімдеді. Жаттықтырушы инстаграм парақшасында Батырдың алғашқы жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы кездесуін 10 наурызда Showtime бокс кешінде өткізеді. Оның қарсыласы қазірше белгісіз.