Қазақстан Премьер-лигасының төрешілері Түркияның Анталия қаласында жаңа маусымға дайындықты бастады.

Оқу-жаттығу жиынында төрешілер теориялық емтихан мен ФИФА сынақтарын тапсырды. Сонымен қатар, жолдастық ойындарға төрешілік етіп, дайындықтарын пысықтай түсті.

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Түркістанда өтетін Қазақстан Суперкубогының матчтарында қызмет атқаратын төрешілер тобы анықталатынын мәлімдеді.