Қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов пен ресейлік Расул Мирзаевтың ACA 118 турнирі аясындағы жекпе-жегі өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

АСА баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтың салмағы шекті мөлшерден 4,5 келі асып кеткен. Ал Мирзаев салмақ өлшеуден сәтті өтті. Осылайша, жекпе-жек өтпейтін болды.

Айта кетейік, ACA 118 турнирі 26 ақпанда Мәскеудегі Basket Hall Moscow аренасында өтеді. Бұл кеште қазақстандық файтер Георгий Кичигин де өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Гаджимурад Хирамагомедов.