«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында украиналық «ВПК-Агро» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойында атыраулық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қос голды Рафаиль Оспанов пен Сәбит Тастанбеков соқты.
Айта кетейік, «ВПК-Агро» Украинаның Бірінші лигасында бақ сынайды. Биылғы маусымда турнирлік кестенің 13-сатысында тұр.
Комментарии