Алматыда OCTAGON 16 турнирі аяқталды, оның аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей файтерлері 14 жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты кездесуінде қазақстандық файтер Ильяр Асханов (7-3) Жандос Жанатпен (4-2) күш сынасты. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу (70,3 кг) сарапқа салынған жекпе-жекте бес раундқа жоспарланған. Жекпе-жек үшінші раундтың ортасында аяқталды, Асханов партерде техникалық жеңіске қол жеткізді. Осылайша, қазақстандық файтер жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді жеңіп алды.