Будапешттегі «Пушкаш Аренада» Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Боруссия Менхенгладбах» — «Манчестер Сити» арасындағы алғашқы матч өтті. Кездесу Хосеп Гвардиола шәкірттерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29-минутта Бернарду Силва есеп ашқан. 65-минутта Габриэль Жезус командасының екінші голын соқты.

Германиядағы шектеу шараларына байланысты ойын Менхенгладбахта емес, Будапештте өтті.

Енді командалар арасындағы қарымта матч 16 наурызда өтеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы. 1/8 финал. Бірінші матч«Боруссия М» (Менхенгладбах, Германия) – «Манчестер Сити» (Манчестер, Англия) 0:2 (0:1)Голдар: 0:1 - Силва (29), 0:2 – Жезус (65)