Армения құрамасының футболшысы Гегам Кадемян қызылордалық «Қайсар» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гегам клубтық мансабында бірнеше командада өнер көрсеткен. Атап айтсақ, украиналық «Арсенал», «Титан», «Говерла», «Олимпик», «Карпаты», «Заря», «Ворскла» және арменялық «Пюник» пен «Алашкерт».

Кадемянның соңғы клубы беларустік «Неман» болды. 28 жастағы футболшы Беларусь біріншілігінде 29 ойынға қатысып, 12 гол соққан.