УЕФА атқарушы комитеті футзалдан Чемпиондар лигасының «Сегіздер финалын» Хорватияда өткізуді шешті.

Бұған дейін турнир 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Беларусьте өтеді деп жоспарлаған. Алайда елдегі эпид жағдайдың нашарлауына байланысты турнирді Хорватияға ауыстырды.

Айта кетейік, емпиондар лигасының «Сегіздер финалында» Алматының «Қайраты» бақ сынайды.