Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Sports True Youtube-арнасына берген сұхбатында кейінгі жекпе-жегінің алдында Геннадий Головкинді қалай кездестіргенін айтты.

– Головкин сенің кейінгі жекпе-жегіңе келгенде қуандың ба?

– Иә, жекпе-жекке шығып келе жатқанда оны трибунадан көрдім. Қолын көтеріп, амандасты.

– Сөйлестіңіздер ме?

– Жоқ, өйткені жекпе-жектен соң бірден медициналық тексеруге алып кетті. Оның үстіне, карантин болғандықтан аса мүмкіндік бола қойған жоқ.