Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Adelaide International 2021 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз екінші айналымда жергілікті теннисші Шторм Сандерске есе жіберді.

2 сағат 20 минутқа созылған аса тартысты кездесу 4:6; 7:5; 1:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, турнир 22-27 ақпан аралығында өтеді.