Ертең, 24 ақпанда Германияның Оберстдорф аймағында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты басталады. Olympic.kz Қазақстан құрамасы сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар тізімін ұсынады.

Ерлер: Виталий Пухкало, Олжас Климин, Евгений Величко, Наиль Башмаков, Константин Борцов.

Әйелдер: Валерия Тюленева, Анна Шевченко, Ирина Быкова, Ангелина Шурыга, Ольга Мандрика, Дарья Ряжко, Айша Ракишева.

Айта кетерлігі, әлем чемпионаты 7 наурызға дейін жалғасады. Жарыс барысында 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады.